
Аталған құжатқа «Казцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, «УМЗ» АҚ, «Востокмашзавод», Өскемен май зауыты, сондай-ақ барлық жылу энергетика нысан басшылары қол қойды.
Меморандумға қол қою рәсімінің 5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнімен және экологтар кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі – ерекше мәнге ие. Бұл күні табиғатты сақтау жолында еңбек етіп жүрген, экологиялық ағарту, бақылау және тұрақты шешімдерді енгізумен айналысатын барша жандарға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – болашақ ұрпақ пен бүкіл планетамыз үшін жасалып жатқан баға жетпес үлес.
– Өнеркәсіптік кәсіпорындар басшыларына ашық диалог пен бірлескен жұмысқа дайын екені үшін ризашылығымды білдіремін. Тек серіктестік, өзара сенім және тұрақты даму арқылы ғана өңіріміздің экологиялық әл-ауқатын сақтай аламыз. Қатысушыларды осы құжатпен шектеліп қалмай, бұл бағытта жүйелі жұмысты жалғастырып, ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге, экологиялық жауапкершілік пен өндірістік мәдениетті арттыруға шақырамын, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Меморандум ҚМЖ туындаған жағдайда, сондай-ақ экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде барлық тараптардың үйлестірілген іс-қимылдарын көздейді. Бұл – шығарындыларды жедел түрде азайту, ақпарат алмасудың ашықтығы, мониторингке қатысу және ең бастысы – қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған алдын алу шаралары.
Аталған құжат өнеркәсіп секторының трансформациясы мен тұрақты дамуы саласындағы күш-жігерді үйлестірудің негізіне айналмақ.
Шығыс Қазақстан облысы