
Фото: gov.kz
Іс-шара Мемлекет басшысының биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі бастамаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Форумда Орталық Азия өңірінің экожүйелерін сақтау, трансшекаралық ынтымақтастық, ғылыми зерттеулер мен жаңа қаржылық және институционалдық тетіктерді дамыту мәселелері талқыланды. ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, халықаралық ұйымдардың сарапшылары, ғалымдар мен мамандар қатысқан форум аясында SIGMA кеңістіктік мониторинг жүйесі таныстырылды.
Форум қорытындысында ұсыныстар мен бастамаларды қамтитын қарар әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті