Медицина • Кеше

Азаматтарды кене шағу дерегі көбейген - ДСМ

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанда кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігі бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 жағдайға көп екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Азаматтарды кене шағу дерегі көбейген - ДСМ

Фото: kaznovosti.kz

Ведомство кене шағу дерегінің артуын күн райының ерте ысуымен байланыстырып отыр. Кене энцефалиті дерегінің ең көбі, 6 жағдай Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Сондай-ақ, Ақмола облысында 4 адам зардап шеккен, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Алматы облысында – 2 адам, Павлодар облысында және Алматы қаласында бір-бірден инфекция жағдайы анықталған. 

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары кенеге қарсы өңдеудің көктемгі турын өткізген. Ал 279 қолайсыз елді мекендердің айналасында санитариялық қорғау аймақтары құрылған.

Кене шағуынан сақтану үшін мынадай ережелерді сақтаңыз: 
● дененің және киімнің ашық жерлерін өңдеу үшін репелленттерді қолданыңыз;
● жабық киім киіңіз: ұзын жеңді жейделер, шалбарды шұлыққа салыңыз, басыңызға орамал байлаңыз немесе бас киім киіңіз;
● киім мен денені үнемі тексеріп отырыңыз;
● егер кене табылса, дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз;
● өз бетінше алып тастаған кезде абай болыңыз: кенені бірден тартпаңыз, тұмсығын жұлып алғанда - оны тікен сияқты алып тастаңыз, кене шаққан жерді йодпен өңдеңіз, ал қолыңызды мұқият жуыңыз.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03