«Таза Қазақстан» • 05 Маусым, 2025

«Жасыл ел» жасақтары экологиялық челлендж бастады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, елімізде «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен экологиялық челлендж бастау алды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына назар аударып, жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жасыл ел» жасақтары экологиялық челлендж бастады

Фото: gov.kz

Челлендждің мақсаты:

  • Табиғатқа ұқыпты көзқарасты қалыптастыру
  • Экологиялық мәдениетті насихаттау және оны жастар арасында кеңінен тарату
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі пайдалы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы бөлісу

765027562

Челлендж аясында, қатысушылар ағаш отырғызу, қоқыс жинау, қалдықтарды сұрыптау сияқты пайдалы істерге белсене қатысты.
Сонымен қатар, жастар өз тәжірибелерін бейнероликтер, TikTok видеолар және фото-есептер түрінде бөлісіп жатыр.

Экологиялық челлендж жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, қоғамда жауапкершілік пен белсенді экологиялық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті