Спорт • Кеше

«Торпедо» хоккей клубының ойыншысы үйқамаққа алынды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында 19 жастағы хоккейші Иван Пыленоктың қаза болуына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында «Торпедо» клубының ойыншысы Андрей Лагунов үйқамаққа алынды деп хабарлайды Egemen.kz.

«Торпедо» хоккей клубының ойыншысы үйқамаққа алынды

Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға өткен жылы тамыз айында тіркелген. «Торпедо» жастар командасының қақпашысы Иван Пыленок өзін нашар сезінгеннен кейін ауруханаға жеткізілгенімен, қайтыс болды. Алғашқыда оқиға жайлы тек ресми ақпараттар жарияланса, көп ұзамай әлеуметтік желілерде Иванның негізгі құрам ойыншысы Андрей Лагуновпен қақтығысып қалғаны көрсетілген бейнежазба тарады.

Марқұмның ата-анасы баласының өліміне Лагуновты кінәлап, оны қамауға алуды талап етті. Алғашында спортшыға ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылған болатын. Алайда жақында өткен сот отырысында Пыленоктың ата-анасының адвокатының өтінішімен Лагуновқа қатысты бұл шара үйқамаққа ауыстырылды.

Сот қаулысында:

«Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айыпталған Лагуновқа қатысты бұрын таңдалған бұлтартпау шарасы іс қаралу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге үйқамаққа өзгертілсін», делінген.

Айта кетейік, Лагунов Қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі — «Өзін-өзі басқару, ауыр зардаптарға әкелген жағдайда» бойынша күдікке ілінді. Бұл бап үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03