Жәдігер • Кеше

Қанағаң зайыбының микроскобы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейіне Қаныш Имантайұлының жұ­байы Таися Сәтбаеваның жұ­мыста қолданған микроскобы тапсырылды. Құнды жәдігерді Мейіз Сәтбаеваның перзенті, ­геолог ғалым Александр Третьяков сыйға тартты.

Қанағаң зайыбының микроскобы

Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі

Қазіргі уақытты академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің қорында барлығы 3 749, оның ішінде негізгі қорда 2 087 жәдігер бар. Жәді­герлердің көбі кітаптар мен картиналар.

па

– Музейіміз мемориалдық, яғни жеке тұлғаның атында болғандықтан, ғалымның қолы тиген, өзі ұстаған заттарының бұл күнде келуі өте аз. Соған қарамастан музей ұжымы ғұла­маның туыстары мен көзін көрген адамдарға хабарласып, үнемі тың деректер мен жәдігерлерді іздеп тауып, музейге әкеліп жатыр. Жуықта музейіміздің басшысы Қайыргелді Абылғазин Астана қаласына барған сапарында Қаныш Имантайұлының жұбайы Таися Сәтбаеваның жұмыста қолданған микроскобын алып келді. Аталған құнды жәдігерді Мейіз Сәт­баеваның перзенті, геолог ғалым Александр Третьяков сыйға тартыпты,  – дейді музейдің қор сақтаушы маманы Сансызбай Сапағарғалиев.

Микроскоп 1961 жылы жасалған, Т.Сәтбаева оны өз жұмысында, гео­логиялық зерттеулер жүргізген кезде қолданған екен. Кейін қызы, геология-минерология ғылымдарының докторы, ғалым Мейіз Қанышқызы қолданыпты. Жәдігер музейдегі экспозициялық залға орналастырылды.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03