Мереке • 04 Маусым, 2025

Астананың орталық көшелері көк тумен безендірілді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рәміздер күніне орай, елордадағы тұрғын үйлер «Туымыз – төрімізде!» акциясы аясында Мемлекеттік тумен безендірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астананың орталық көшелері көк тумен безендірілді

Фото: Ашық дереккөз

Атап айтқанда, елорданың алты ауданында 500-ден астам ту орталық көшелердегі үйлердің балкондары мен қасбеттеріне ілінді. Бұл көшелерге Республика даңғылы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, Мәңгілік Ел және Тұран даңғылдары, Р. Қошқарбаев көшесі, сондай-ақ «Түркістан» тұрғын үй кешеніндегі №34 үй және т.б. жатады. Акция «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділерінің қолдауымен өтті.

Еске сала кетейік, ҚР мемлекеттік рәміздерін орналастыру ережелеріне сәйкес, азаматтар патриоттық сезімді білдіру және ұлттық жетістіктерді қолдау мақсатында өз үйлерінің балкондарына немесе қасбеттеріне мемлекеттік туды ілуге құқылы. Алайда бұл ретте белгіленген стандарттарды сақтау қажет. Яғни, Ту жыртылмауы, тозбауы тиіс, оны шегемен қағуға, қайшымен кесуге және басқа да рұқсат етілмеген әрекеттер жасауға болмайды.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45