Зерде • 04 Маусым, 2025

Түркістандық түлек Еуропаға шақырту алды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған облыстың Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы бірнеше халықаралық білім грантына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістандық түлек Еуропаға шақырту алды

Фото: Түркістан облысы білім басқармасы

Білімге деген табандылығы нәтижесінде жас түлек беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Атап айтқанда, John Cabot University (Италия, Рим) 50% оқу грантына, American University of Paris (Франция) 70% оқу грантына, LCC International University (Литва) оқу орнынан жартылай оқу грантына, сондай-ақ Xiamen University Malaysia (Малайзия) университетінен 4 жылдық толық оқу грантына шақырту алған.

«Жетістікке жету жолында ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының еңбегі, тәлім-тәрбиесі үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Әсіресе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Ұлықбек Бердалиевтің кәсіби қолдауы ерекше атап өтуге тұрарлық. Қазіргі таңда Әбубәкір Арманұлы Түркия үкіметінің Türkiye Bursları халықаралық шәкіртақы бағдарламасы, Болгариядағы American University in Bulgaria, сондай-ақ Оңтүстік Корея университеттерінен де оң нәтиже күтіп отыр», деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45