
Фото: Ашық дереккөз
Жыл сайынғы жарыстар Иорданияда Король Абдалла атындағы Арнайы операциялар күштерін даярлайтын орталықтың полигонында өтеді. Биыл сайысқа әлемнің 40-қа жуық елінен мықты деген элиталық бөлімшелер қатысады.
Әскери қызметшілер ұрыс жүргізу тактикасын, шабуылдау іс-қимылдарын, атуды, эвакуация элементтерін және топ құрамындағы өзара іс-қимылды пысықтайды. Дайындық таулы жерлерде, ыстық ауа райында және шектеулі ресурстар жағдайында жүзеге асырылады.
Дайындықта әскери қызметшілердің физикалық төзімділігі мен психологиялық тұрақтылығы, сондай-ақ жедел шешім қабылдау қабілеті басты назарға алынады. Сайыстың басты ерекшелігі - қатысушылардың тек жеке шеберлігі ғана емес, топ құрамындағы үйлесімді жұмыс істеу қабілеті де сынға түседі.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
ЕҰУ 2-курс студенті