Экология • 04 Маусым, 2025

«Автокөліксіз бір күн» челленджі жарияланды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз бір күн» челенджі басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Автокөліксіз бір күн» челленджі жарияланды

Фото: Almaty.tv

Экосана мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара бүгін, 4-маусым күні бойы жалғасады.

Челлендждің шарты бір күн мүмкіндігінше жеке көлікке отырмай, балама көлік түрлері велосипед, қоғамдық көлік, электросамокатты пайдалану немесе жаяу жүру.

Министрлік челенджге үн қосып, бүгінгі экокүнделігіңізді фото-видеоға түсіріп, #ТазаҚазақстан және #АвтокөліксізКүн хештегімен әлеуметтік желіге жүктеуге шақырады.