Білім • 03 Маусым, 2025

Педагогтерге арналған байқауға өтініш қабылдау басталды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Педагогтерге арналған байқауға өтініш қабылдау басталды

Фото: kazgazeta.kz

Байқауға еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады. Жеңімпаздарға ТМД елдері арасында өтетін Педагогикалық шеберлік халықаралық фестиваліне қатысуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, байқау нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескеріледі.

Өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Байқау шарттарымен толығырақ ppi.orleu.edu.kz сайтында танысуға болады.