АСТАНА. 22 маусым. Аргентинаның атақты футболшысы Диего Марадона ФИФА президенттігінен үмітті. Бұл туралы Telesur телеарнасының журналисі Виктор Уго Моралестің twitter-дегі жазбасына сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.
Моралес әлеуметтік желідегі парақшасына: «Марадона ФИФА президенттігіне өз кандидатурасын ұсынуға ниетті. Оның атақ-абыройы өте жоғары», – деп жазған.
Айта кетейік, аталған футбол қауымдастығының соңғы президент сайлауы 29 мамырда өткен болатын. Ол кезде ФИФА-ны 1998 жылдан бері басқарып келе жатқан Йозеф Блаттер бесінші мерзімге қайта сайланды. Алайда, 2 маусымда ол өз еркімен отставкаға кетті.
Блаттер қауымдастықтың кезектен тыс конгресін өткізіп, тағы да президент сайлауын өткізуді ұсынды. Соған сәйкес, кезектен тыс конгресс осы жылдың желтоқсан айы мен 2016 жылдың ақпаны аралығында өтетін болып шешілді. Ал президент сайлауы өтетін мерзім 20 шілдеде белгілі болады.
Марадонаға дейін де бірнеше футбол маманы президенттіктен үмітті екендерін мәлімдеген еді. Олардың арасында Францияның белгілі футболшысы Давид Жинола, Иордания ханзадасы Әли бин-Әл-Хусейн, ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті және Оңтүстік Корея футбол қауымдастығының бұрынғы басшысы Чон Мон Джун, Бразилияның даңқты футболшысы Зико, сондай-ақ, Либерия футбол қауымдастығының президенті Муса Билити бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 22 Маусым, 2015
Марадона ФИФА президенттігіне кандидатурасын ұсынады

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше