Білім • 01 Маусым, 2025

Қызылордада «Білім-инновация» лицей-интернаты ашылды

1 мин
оқу үшін

Қызылордада физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының ашылды. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент депутаттары қатысты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Қызылордада «Білім-инновация» лицей-интернаты ашылды

Премьер-министр орынбасары Ермек Көшербаев пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналғандарды жаңа білім ошағының ашылуымен құттықтады.

Облыста соңғы 3 жылда білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі 304 млрд 600 млн теңгеге жетіп, 32 пайызға артқан. Балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру үшін 2023 жылы Қызылорда қаласындағы 4 мектепке 1 850 орындық қосымша құрылыс салынып, үш ауысымдық мектептер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.  

Салтанатқа арнайы қатысқан Мемлекеттік сыйлықтың иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев білімге бет бұрған қоғамның алар биігі бөлек болатынын айтты.

Өңірдегі ғылым мен технология саласына бейімделген дарынды оқушыларға білім беретін мектеп заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, балалардың алаңсыз оқуына бар жағдай жасалған.  

 Нысанды салған құрылысшылар мен білім саласы қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Осы күні Қызылорда қаласында Үкімет басшысы орынбасарының қатысуымен музыкалық колледж бен облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимараты ашылып, қайта жаңғыртылған мәдени және демалыс паркі пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлы дала әуені Анкарада

Әлем • Бүгін, 08:45

Бауырлас елмен байсалды байланыс

Экономика • Бүгін, 08:40

Доп додасының дүбірі естілді

Футбол • Бүгін, 08:35

Табыс артса, тұрмыс түзеле ме?

Экономика • Бүгін, 08:30

Ырыздық жорығы аяқталды

Шаруашылық • Бүгін, 08:25

135 жылдық тарихы бар турнир

Теннис • Бүгін, 08:20