АСТАНА. 22 маусым. Белгілі кәсіпқой боксшы Флойд Мэйвезердің әкесі ұлының Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы үшін өз шартын айтты. Бұл туралы vringe.com хабарлады.
Қазіргі таңда барлық салмақ бойынша әлемнің ең үздік боксшысы саналатын Мэйвезер бүгінге дейін 48 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Соның 26-сында қарсыласын нокаутпен тізе бүктірді. Американдық 69,9 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. Ал Головкиннің орта салмақта (72,6 кило) бақ сынайтыны белгілі. Соған қарамастан, отандасымыз бірнеше рет Мэйвезерді жекпе-жекке шақырып, онымен кездесу үшін салмағын ауыстыруға дайын екенін мәлімдеген еді.
Осыған байланысты үлкен Мэйвезер өз шартын жария етті. Яғни, ол егер қос боксшы жекпе-жек өткізуге келісіп жатса, келісім шартта кездесу болатын күні міндетті түрде салмақ өлшеу туралы жазылуы тиіс деп отыр. Себебі, оның ойынша, қазақстандық боксшы салмақ өлшеу рәсімі мен жекпе-жек өтетін күнге дейінгі аралықта айтарлықтай қуат жинайды екен. Нәтижесінде, Гена шаршы алаңға супер орта салмақ тіпті жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшылардың деңгейінде шығады.
Үлкен Мэйвезер Boxingscene-ге берген сұхбатында: «Егер мен Флойд болсам, Головкиннің салмағына ерекше мән берер едім. Сондай-ақ, оның өлшенген кездегі салмағы жекпе-жек өтетін күні де сақталатынына кепілдік болса, еш алаңсыз жұдырықтасамын», – деді.
Айта кетейік, екі спортшы да келесі жекпе-жектерін алдағы қыркүйек айында өткізуді жоспарлап отыр. Геннадий Головкин өз салмақ дәрежесінде WBA (Super), WBC (Interim) және IBO, ал Мэйвезер WBC мен WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Бүгінге дейін отандасымыз 33 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соның 30-ында қарсыласын нокаутқа жіберді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: vringe.com.
Сурет: telegraf.com.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше