
Фото: ашық дереккөз
Жаңа білім ошағының ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімінің оңтүстік аудандар бойынша кеңесшісі Шота Оспанов, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Манат Карбозов, Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматовтар қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Осы ауылдың іргесін қалап, еңсесін көтерген ел ағасы, Қостанай облысының құрметті азаматы Кәкімжан Карбозов ақсақал құрылысшыларға алғысын айтып, жас ұрпаққа батасын берді.
Мектеп құрылысына республикалық бюджеттен 883,2 миллион теңге қаражат бөлінген.