
Бұл Солтүстік Қазақстанда көптен бері қалыптасып келе жатқан жақсы үрдіс. Осыған дейін де бірнеше қазақ ауылдары ішімдіктен бас тарту туралы шешім қабылдаған. Тіпті басқа этнос өкілдерімен аралас тұратын кейібір ауылдар да бұл үрдіске қосылып жатыр.
Былтыр тіпті аудан орталығы Саумалкөл және Лобаново мен Арықбалық ауылдарында да христиан дінін тұтынатындарды жерлеу рәсімінде де ішкілік ауызға алынбасын деген бастама көтерілді. Бұл үрдісті православин шіркеуінің священнигі Евгений әкейдің өзі қолдаған.
Құқық қорғау органдары алкогольден бас тартқан ауылдарда түрлі қылмыстардың тіркелгені азайғанын жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысы