Әлем • 26 Мамыр, 2025

Ресей мен Украина тұтқын алмасты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей мен Украина Стамбулдағы келіссөздерден кейін «1000-ға 1000» форматы бойынша тұтқындар алмасу үрдісін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ресейлік және украиналық дереккөздерге сілтеме жасап.

Ресей мен Украина тұтқын алмасты

Фото: Ашық дереккөз

Алмасу үрдісі үш күнге созылды. Жексенбі күні тараптар 303 адамнан алмасты. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, босатылған ресейлік әскери қызметкерлер Беларусияға жеткізілді, онда оларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде.

Украинаның әскери тұтқындар мәселелері жөніндегі үйлестіру штабының хабарлауынша, тараптар биылдыққа алтыншы рет тұтқын алмасып отыр. Ал екі ел арасындағы әскери қақтығыс басталғалы мұндай алмасу 65 мәрте болыпты. 2022 жылғы наурыздан бері келіссөздер мен тұтқын алмасуды үйлестіру штабы 5757 украин азаматын босатқан. Тағы 536 украин азаматы алмасусыз қайтарылған.

«Бостандық алған әскерилердің бәріне қажетті медициналық көмек көрсетіліп, оңалтудан өтеді, сонымен қатар тұтқында болған уақыты үшін тиісті өтемақы төленіп, бір реттік материалдық көмекті алады», делінген штаб хабарламасында.

Босатылғандар қатарында Әскери-теңіз күштері, Әуе күштері, Десанттық-шабуылдаушы әскерлер, Территориялық қорғаныс күштері, сондай-ақ Ұлттық гвардия, Мемлекеттік шекара қызметі және Мемлекеттік арнайы көлік қызметінің қызметкерлері бар.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше