Денсаулық • Бүгін, 13:33

Ұлт саулығына шықырған денсаулық апталығы

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен өткен республикалық репродуктивті денсаулық апталығының қорытындысы шықты. Апта ішінде іске асқын жұмыстардың реті дөңгелек үстел барысында қаралды.

Ұлт саулығына шықырған денсаулық апталығы

 

Науқанға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНЕСКО, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар, және басқа да халықаралық ұйымдар қолдау көрсетті. Бес күн бойы еліміздің барлық өңірінде ақпараттық-ағарту насихаты жүргізілді. Әр күн жекелеген тақырыпқа арналды. Оның ішінде отбасын жоспарлаудан бастап, жасөспірімдерге арналған репродуктивті білім беру, АПВ, ЖЖБИ алдын алу және әйелдер, ерлер денсаулығы мәселелері жеке-жеке күн тәртібіне шығарылды.

Дөңгелек үстел барысында апталықтың қорытындысы шығарылып, репродуктивті денсаулық саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге арналған ұсыныстар айтылды. Бұл – болашақ ұрпақтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды бағыт. Себебі науқанға қолдау көрсеткен серіктестер саланың дамуына серпін беретін ұсыныстар айтты. Ол материалдар түгел жинақталып, Ұлттық комиссия отырысында ұсынылады.

 Сонымен апталық барысында 20 мыңнан астам іс-шара өткен. Оған 500 мың адам қатысса, 240 мыңнан астамы – жасөспірімдер мен жастар. Мамандар 80 мыңға жуық тұрғынға тегін кеңес берген. 8,4 мыңнан астам адам ЖЖБИ және АИТВ-ға тест тапсырды. Әлеуметтік желілерде 359 мыңнан астам жазба жарияланып, БАҚ-та 1,5 мыңнан астам материал шыққан. Денсаулық апталығы қорытындыланған жиында Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова бастамаға үлес қосқан барлық серіктестер мен қатысушыларға алғыс айтты.

«Репродуктивті денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыру – бірреттік акция емес. Бұл – стратегиялық міндет. Осындай бастамалар күшімізді біріктіруге, үздік тәжірибелерді кеңінен енгізуге жол ашады. Қоғамдағы мінез-құлық пен көзқарасты өзгертуге септігін тигізеді. Сондықтан науқанға үлес қосқан барлық серіктестерге алығыс айтамыз», – деді Ж.Ысқақова.