Аймақтар • 23 Мамыр, 2025

Ұлытау ұлағаты

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Ұлытау өңіріне сапарлап барған едік. Киелі өңірдің тағылымды тарихы, көз тартар табиғаты мен рухани құндылығы таңғалдырды.

Ұлытау ұлағаты

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ұлытау ұлттық тарихи-мә­дени және табиғи музей-қоры­ғына қо­­йыл­ған әрбір жә­дігер, әрбір құжат – тарих­тың тірі куәсіндей. Музей қабыр­ға­сын­дағы үнсіз жәдігерлер баба­­лар дауысы болып естіле­ді: бірін­де көне дәуір тынысы, бірін­де жорық көрген жауын­гер­дің жүзі, енді бірінде Хан кеңесінің үні бар.

Ұлытау музейіне аяқ басқан сәттен-ақ мекемедегі жұмыстың жүйелі, мазмұнды екені бірден байқалды. Музейдің көрнекі құрылымы, экспозициялардың реті, тақы­рыптық мазмұны – барлығы да кәсіби шеберлік пен жауапкершіліктің нәти­­жесі. Музей-қорығының басшы­сы Әлібек Күзербаев мұра­жайдың заманауи форматта дамып, жас ұрпаққа қызықты әрі тартымды дүние­лер­ді ұсы­ну­ға бағыт алып отырғанын атап өтті. Музейдің ғылыми қыз­меткерлері мен экскурсия жетекшілері Азат Сабыржан мен Айболат Рахмания әрбір жәдігер туралы тарихи дерек айтып қана қой­май, тыңдаушыны сол дәуірге жетелейтіндей әсермен әңгіме­­лей­ді.

Ұлытаудың киелі орындары – ежелгі қазақ даласының рухын бойына сіңірген Жошы хан кесенесі, Алаша хан мазары, Едіге батырдың ескерткіші, Домбауыл мен Кетбұға бабаға қатысты аңызға толы әңгіме тарихи сананы сілкінтпей қоймайды. Әр төбе мен жота, әр тас пен өзен – ел шежіресінің бір тарауы.

Жалпы, кез келген музей ұжымын нағыз рухани май­дан­ның сарбаздары деу­ге болады. Олардың еңбегі көзге кө­рінбесе де үлкен мәнге ие. Мәдени мұраға деген ұқыпты көзқарас, жас ұрпақтың тарихи санасын ояту жолындағы қажырлы еңбектері – ұлт тарихы үшін аса құнды қызмет.

 

Жанат БИСЕНБАЕВА,

Phd, қауымдастырылған профессор