
Бұған дейін Диас Советқалиұлы миына қан құйылып, комаға түскені жайлы жазған едік.
Ондағы мәліметке сай, оқиға Ақтауда қаласында болған. Кейін дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалаған. Ақыры сол науқасынан оңала алмай, бүгін өмірден өтті.
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жыл «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі болған.
«Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.
2003-2007 жж. — ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;
2010 — 2012 жж. — «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);
2012-2013 жж. — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі болды.
Олимпиада және Азия ойындарының, спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болды.
Еске салсақ, 2023 жылдың күзінде Диас Ахметшәріп Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалған еді.
Сонымен қатар ол Ішкі істер министрлігі жанындағы есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі кеңестің құрамында жұмыс істеді.