Қоғам • 22 Мамыр, 2025

Өзбекстанға жетер жол жеңілдеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді қазақстандықтардың Өзбекстанға жеке куәлікпен кірулеріне рұқсат беріледі. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Өзбекстан президентінің жарлығына сәйкес, бұл мәселе бойынша келіссөздер 3 ай ішінде басталуы керек, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстанға жетер жол жеңілдеді

фото: ашық дереккөз

Өзбекстан қазақстандық азаматтар үшін ішкі құжат немесе ID-карта, ал балалар үшін киндер-паспорт бойынша 30 күнге дейінгі мерзімге келу мүмкіндігін қарастырады. Осыған ұқсас шараларды Ресей мен Әзербайжан азаматтары үшін енгізу ұсынылады.

Мұндай тапсырма президент Шавкат Мирзиёевтің 15 мамырдағы елге туристер ағынын түбегейлі ұлғайту туралы жарлығында көрсетілген. Өзбекстан Iшкi iстер министрлiгi үш ай мерзiм iшiнде аталған үш елмен келiссөздердi бастауы тиiс. Өзбекстан ID-карта арқылы шекарадан өту тәртібін орнатқан алғашқы ел Қырғызстан болды. Бұл 2023 жылы жүзеге асты.

Қазақстан азаматтары үшін Өзбекстанға сапарлар екі ел арасындағы визасыз режимнің арқасында айтарлықтай жеңілдетілген. Қазақстандықтар Өзбекстан аумағында 30 күнге дейін визасыз бола алады. Кіру үшін өзіңізбен бірге қолданыстағы паспорттың болуы жеткілікті.

Алайда 30 күннен астам болуды жоспарлаған кезде сапардың мақсатын растайтын тиісті құжаттарды ұсына отырып, визаны Өзбекстан елшілігі немесе консулдығы арқылы ресімдеу қажет.