
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі
Іс-шараға қатысушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, көлік, логистика, коммуникация және климаттың өзгеруімен күрес салаларында ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
СІМ басшысы ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестиция, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктер мен болашағы зор бағыттарға назар аударып, Ұйым аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін айқындады.
Отырыс барысында ТМҰ саммитіне дайындық барысы қаралып, оның аясында қол қойылатын құжаттар жобалары мақұлданды.
Іс-шара алғаш рет Еуропада орналасқан бақылаушы елдің аумағында өтті.
Атап өтсек, Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы еліміздің бастамасымен құрылған. Бүгінде оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебеге ие.