
Сурет: primeminister.kz
«Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов жобаның қазіргі жағдайы туралы хабарлады. Бүгінгі таңда мердігер – қытайлық «China Tianchen Engineering Corporation» инжинирингтік компаниясымен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Резеңке-техникалық өнеркәсіпте, шиналар өндірісінде пайдалануға 60 мың тонна дивинилстирол синтетикалық каучук, жол жабындары мен пластмассаларға қажетті 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол каучук, жыл сайын жоғары октанды бензин ретінде 40 мың тонна метил-трет-бутил эфирін шығару жоспарланған. Инвестициялық кезең осы жылдың 1 шілдесінен іске қосылады.
Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын «Қаратон Подсолевой» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары талқыланды. Қазірде 5,5 мың метрге терең барлау ұңғымасын бұрғылау жүріп жатыр. Сондай-ақ терефтал қышқылы, полиэтилентерефталат өндіру жобасына назар аударылды.
Премьер-министр Үкімет бірлескен жоспарларды іске асыруда, өзара тиімді ынтымақтастық үшін шешімдер іздеуде сындарлы диалогке ашық екенін мәлім етті. Еліміздің Отандық өнеркәсіпке «Татнефть» технологиялары мен сараптамасын енгізуге мүдделілігі атап өтілді.