Жастар • Бүгін, 00:25

Қостанайда «Студент көктемі» фестивалі басталды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда студент жастардың дәстүрлі мерекесі – «Студент көктемі - 2025» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қостанай, Арқалық, Рудный қалаларынан келген ЖОО студенттерінің басын қосқан іс-шара аясында өнер, білім, спорт жарыстары ұйымдастырылады.

Қостанайда «Студент көктемі» фестивалі басталды

 

Салтанатты жиында студенттерді облыс әкімнің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтады.

«Бүгінгі көктемнің ерекше мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Өңіріміздің ең үздік жастары осы жерде бас қосып отыр. Алдағы командалық жарыстарда баршаңызға сәттілік тілеймін», – деді Б.Нарымбетов.

Фестивальдің алғашқы күні волейбол, баскетбол, шағын-футболдан жарыс өтті. Кешкілік Тобыл жағалауындағы Триатлон саябағында зияткерлік ойын, пікірсайыс турнирі басталды.

Спорт жарыстарының қорытындысы 22 мамыр күні белгілі болады. Сондай-ақ, ертең 12:00-де Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің Студенттер сарайында гала-концерт өтеді деп жоспарланған. Мерекелік концерттен кейін фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Қостанай облысы