
«Орда» этно-ансамблі – Ақмола облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармониясы жанынан 2024 жылы құрылған жаңа шығармашылық ұжым. Ансамбльдің басты мақсаты – қазақтың музыкалық мұрасын заманауи өңдеуде кеңінен насихаттау. Ұжым құрамында дәстүрлі және қазіргі заманғы музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын жеті дарынды мультиинструменталист өнерпаз бар.
Франкфурт қаласындағы бұл концерт – ансамбльдің алғашқы ауқымды халықаралық гастрольдік жобасы болмақ. Шара барысында қазақтың халық әуендері мен неміс сахнасының нәзік эстетикасы үйлесім тауып, көрермендерге өзгеше музыкалық сапар ұсынады.
Көкшетау.