
Сот процесі барысында белгілі болғандай, тергеу кезінде ол Шерзат Полатты өлтіргенін мойындап, алдын ала жауабын берген. Алайда бүгінгі отырыста ол бұл мәлімдемесінен бас тартты. Оның айтуынша, мұндай шешімді сотталушы Шыңғыс Белғожаевпен ақылдаса отырып қабылдаған. Шынасылдың сөзінше, жазаны жеңілдету мақсатында Шерзаттың өлімін өз мойнына алуға келісіп, соның негізінде жалған жауап берген.
Сонымен қатар, Нұрғанат Гайпбаевты пышақтағанын да шын мәнінде өзі емес, сол кезде Шыңғыс Белғожаевтың «пышақты мен тықтым» деп тергеу органдарына жалған куәлік бергені мәлім болды.
Сот процесі басталғалы бері 9 сотталушының 8-і тергелді. Ал қалған бір сотталушы — Дидар Қалиахмет — алдыңғы отырыста жауап беруге психологиялық тұрғыда дайын емес екенін айтып, уақыт сұраған болатын.
Қазіргі таңда Шерзат Полатты нақты кім өлтіргені әлі де белгісіз күйде қалып отыр. Өйткені сотталушылардың ешқайсы бұл қылмысты толық мойындаған жоқ. Іс материалдары мен тергеу барысы бойынша қайшылықтар көп. Осыған байланысты сот отырысы бүгін түстен кейін қайта жалғасатын болады.
Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырғандықтан, жұртшылық та, БАҚ өкілдері де сот барысын жіті бақылап отыр. Ал шындықтың беті қашан ашылары әзірге белгісіз.