Руханият • Бүгін, 02:02

Кітап ісі, реставрация, консервация және қолжазбаларды зерттеу саласында ынтымақтастық дамиды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Ғылым ордасының» қызметкерлері Тегеранға сапары барысында ғылыми, мәдени және архив салаларындағы өзара серіктестікті нығайтуға арналған ынтымақтастық кездесулерін өткізді.

Кітап ісі, реставрация, консервация және қолжазбаларды зерттеу саласында ынтымақтастық дамиды

«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Ұлар Мұқажанов бастаған делегация Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласындағы Малек ұлттық музейі мен кітапханасына ат басын бұрды.  1937 жылы қажы Хусейн Малек негізін қаланған бұл мекеме бүгінде Құдс Разави орталығына қарайды. Музей мен кітапхана сирек қолжазбалар мен тарихи жәдігерлердің бай қорына ие. Сапар барысында делегация мүшелері музейдің құрылымы, кітап қоймасы және зертханасымен танысып, алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері бойынша келісімге келді.

1Сондай-ақ Ислам мәдениеті және қарым-қатынас ұйымында болып, ғылыми, мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды талқылап, мәдени және ғылыми қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту мәселелерін қарастырды.2

Сапар аясында сонымен бірге делегация мүшелері цифрландыру мен реставрация саласында мол тәжірибеге ие «Нур» халықаралық микрофильмдер орталығы жұмысымен танысты. Тараптар реставрация және консервация саласындағы дайындық курстарын ұйымдастыру, кодикологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ Алматыда ынтымақтастық меморандумына қол қоюға уағдаласты.

АЛМАТЫ