
Фото: ашық дереккөз
Халық саны ең көп қысқарған қала – Қонаев. Мұнда тұрғындар саны 8,2%-ға кеміп, 66 мың адамға түсті. Қонаев қаласы 2022 жылы облыс орталығы мәртебесін алғанымен, тұрғындар саны өспеген.
Осындай қалалардың қатарында Семей (5,1 пайызға) мен Байқоңыр (3,6%) да бар. Арқалық, Курчатов, Приозерск, Степногорск, Риддер, Арыс, Шахтинск және Текелі қалаларында да халық саны 1%-дан көп қысқарған.
Халық саны өскен қалалардың қатарына Қосшы кіреді. Мұнда тұрғындар саны 8,3%-ға артқан. Астана халқы 6,9%-ға көбейіп, 1,55 миллионға жетті. Түркістан мен Ақтауда да халық саны сәй-кесінше 4,4% және 4,3% өскен. Алматы мен Шымкентте өсім 2,7%-ға тең болды.
Айта кетейік, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында халық саны өсіп келеді. Ал шағын қалаларда тұрғындар саны қысқарған. Бұл үрдіс елдің урбанизациясы мен экономикалық дамуына байланысты өзгерістерді көрсетеді.
Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ 2 курс студенті