
фото: ашық дереккөз
15-мамыр күні Гонконг билігі COVID-19 вирусының жаңа толқыны басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы The independent сайты ақпарат таратты.
Осы елдің Денсаулық сақтау саласы өкілдері жариялаған мәліметтерге сәйкес, вирустың таралу деңгейі наурыз айының ортасында 1,7 пайыздан 11, 4 пайызға өскен. 3 мамырдағы жағдай бойынша 81 адам вирус жұқтырып, 30-ы қайтыс болған.
Сингапурде де ай басынан бері 14 200 адам ауру жұқтырып, апта ішінде ковидқа шалдыққандар саны 28 пайызға артқан. Денсаулық сақтау саласының өкілдері аурудың көбеюін вирустың аса ауыр немесе жұқпалылығынан емес, халық иммунитетінің әлсіреуімен байланыстырып отыр.
Ал Қазақстанда жыл басынан бері COVID-19 329 адамнан анықталған. Осыған сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі вирустың еліміздегі таралу жағдайын тұрақты деп бағалады.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
ЕҰУ 2-курс студенті