Спорт • Бүгін, 14:40

Жамбылдық жастар көкпардан чемпион атанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында көкпардан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінің командалары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылдық жастар көкпардан  чемпион атанды

Бұл додада ат құлағында ойнаған жамбылдық жастар ауыз толтырып айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Әуелгі ойында Түркістан облысының тарландарын 5:4 есебімен жеңген жамбылдық жампоздар кейіннен Жетісу өңірінің командасын 9:2, Алматы облысының саңлақтарын 6:3 есебімен жеңді.

Финалдық кездесуде Жамбыл облысының командасы шымкенттік құрдастарымен алтын жүлдені сарапқа салды. Тартысқа толы жағдайда өткен ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен тең аяқталды. Ал, қосымша уақытта жамбылдық шабандоз Арнұр Есен «Алтын салым» салып, командасының чемпион атануына сүбелі үлес қосты. Осылайша 13 команда, 160 спортшы қатысқан додада жамбылдық ұжымның мерейі үстем болды.

 Жамбыл облысы