Саясат • 20 Мамыр, 2025

ЮНИСЕФ-тің өңірлік директорымен кездесті

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астана­да БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия бо­йынша өңірлік директоры Реджина Де Доминичис ханыммен кездесті.

ЮНИСЕФ-тің өңірлік директорымен кездесті

Ерлан Қарин балаларды қорғау бойынша елімізде қолға алынып жатқан негізгі реформалар ту­ралы, соның ішінде психологиялық және отбасылық қолдау орталықтары желі­сін дамытуға, зорлық-зомбы­лық пен буллингтің алдын алуға арналған жаңа әдістемелерді енгізуге қатысты жұмыстар жөнінде айтып берді. Сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясаттың барлық бағытын біріктіретін «Қазақстан балалары» атты кешенді бағдар­ламаға тоқталды.

Реджина Де Доминичис Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді іске асыру жолындағы жұмыстарын жоғары бағалады. Ол Қазақстанның ор­нықты даму мақсаттарын ілгерілету ісінде маңызды рөл атқаратынын, жаңа өңірлік бастамалар аясында белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Кездесуге Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да қатысты. Ол суицидтің, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған шараларды қамтитын «Safe Kids» атты ұлттық бағдарламаны таныстырды.

Жиын қорытындысында тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өскелең ұрпақ­тың игілігі үшін бірлескен бастамаларды іске асыруға мүд­делі екенін растады.