Саясат • 20 Мамыр, 2025

Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов «Shell» компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Питер Кос­телломен кездесті. Бірлескен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселелері және ынты­мақтастық келешегі талқыланды.

Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық

Кездесуге Қазақстандағы концерннің аға вице-президенті әрі төрағасы Әли әл-Жанаби, негізгі елдер мен Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президент Сюзанн Куган қатысты.

«Shell» Қазақстанда мұнай-газ саласындағы бірқатар ірі бастаманы, соның ішінде КҚК, Солтүстік Каспий, Қарашығанақ жобаларына қатысу, қысқы дизель отынын өндіру бойынша ПМХЗ қондырғысын жаңғырту, сондай-ақ жер қойнауын геоло­гиялық барлау және ғылыми зерттеуді жүзеге асырып келеді.

Кездесу барысында Қарашы­ғанақ кен орнында қуаты жылы­на 4 млрд текше метр газ өңдеу зауыты­ның құрылысына назар аударылып, оны жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар Қашаған кен орнын игеру жұмыстары да талқыланды. Тараптар қуаты жылына 2,5 млрд текше метр ГӨЗ салуды және жаңа алаңдарды игеруді көздейтін 2А және 2B кезеңдерін іске асыруды жеделдету жоспарларын қарады.

Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.