
Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес орталығының бас дәрігері Бағлан Қыдырбаевтың айтуынша, ЖИТС дертін жұқтырғандардың көш басында облыс орталығы Тараз қаласы тұр.
«Осы жылдың алғашқы төрт айында ЖИТС инфекциясының 44 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 3,6-ны құрап отыр», дейді ол.
Б. Қыдырбаев келтірген дерекке жүгінсек, ең көп инфекция жұқтырғандардың көшін 30-39 және 40-49 жастағы азаматтар құраған. Аталған жас санатындағы тұрғындардан 12 деректен анықталған. Өкінішке қарай, дертке шалдыққандардың қатарында 2-5 жас аралығындағы бір сәби бар, сондай-ақ 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің бірінен ЖИТС анықталған.
«Төрт айдағы көрсеткішке зер салсақ, АИТВ инфекциясы анықталғандардың ішінде жұмыс істейтін азаматтардың саны басым болып тұр. Олардан 17 жағдай анықталса, жұмыссыз азаматтардың инфекция жұқтыру көрсеткіші 16 деректі құраған», дейді Б. Қыдырбаев.
Жамбыл облысы