Үкімет • 17 Мамыр, 2025

Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиыны

0 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Жиында елі­міздегі инвес­торлар қыз­метінің өзекті мәсе­лелері, олардың елішілік құн­дылықты дамытуға қосқан үлесі қаралды.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиыны

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет бизнес ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру қарқынын арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Бұл капиталдың қосымша ағынын қамтамасыз етуге, ресурстық әлеуетті арттыруға және жаңа өнеркәсіп өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді.

Премьер-министр экономика­ның басым салаларында жаңа жобаларды жүзеге асыру, терең локали­зациялауды қамтамасыз ету және халықты жұмыспен қамтуды ке­ңейту үшін инвесторлармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізуге баса назар аударды.

«Мемлекет басшысы қазіргі геосаяси және экономикалық жағдайда жеке инвестициялар тарту арқылы кәсіпкерлік бел­сенділікті арттыру үшін қо­лайлы орта құру басым бағыт екенін атап өткен еді. Біз сіз­дер­мен Қазақстанда жұмыспен қамтуды арттыруға және терең локализациялауға ықпал ететін жаңа өндіріс орындарын құруға мүдделіміз. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарының әлеуетін ашу және экономиканың басым секторларында серпінді жобаларды іске асыру маңызды. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Қазақстан Үкіметі сындарлы диалогке ашық және еліміздің дамуына ықпал ететін шешімдерді бірлесіп жүзеге асыруға дайын», деп атап өтті О.Бектенов.

Отырыс барысында инвес­тициялық саясатты жүзеге асыру, денсаулық сақтау және фармацевтика өнеркәсібін дамыту, энергетика, экология және мұнай-газ саласы, еңбек заңнамасы, адам капи­талын дамыту, цифрландыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс топтарының баяндамалары тыңдалды. «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауым­дастығының басқарма төр­ағасы, Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі EY басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков, «ExxonMobil» Kazakhstan Inc. басқарушы директоры Сесиль Ролин, «Кнауф Гипс Қапшағай» ЖШС Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан рес­публикаларында маркетинг және өткізу жөніндегі директоры Димитрий Пропп, «KPMG Caucasus and Central Asia» бас­қарушы серіктесі әрі атқарушы директоры Сәкен Жұмашев, «Химфарм» АҚ бас директоры Адам Алексеюк, Еуропа қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Хусейн Өзхан сөз сөйледі.

Спикерлер алдағы жұмыс эко­­­логиялық реттеуді, «бұлт­ты» тех­но­логиялар мен жасанды ин­тел­лектіні, көші-қон нормаларын жетілдіруге, жер қойнауын пайдалану са­ласындағы үдерістерді цифр­ландыруға, Каспий теңізі дең­гейінің төмендеуі мәселесі бойынша ведомствоаралық үй­лестіруді кү­шейтуге, денсаулық сақ­тауға инвес­тициялар мен технологияларды тартуға бағыт­талатынын атап өтті.

Инвесторлар көтерген мә­се­лелер бойынша Ұлттық экономика, Энергетика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары түсіндірме берді. Мәселен, Қазақстанда бизнес ахуалды жақ­сарту бойынша бір­қатар жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Жергілікті жеткізушілерді қолд­ауды және оларды қосылған құн тізбегіне біріктіруді көздейтін «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң қабылданды. Тұрақты биз­нес-экожүйені қалыптастыруға бағытталған 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжы­рымдамасы өзектендірілді. Жо­ба­ларды іске асыру кезеңдерін же­ңілдететін ұлттық цифрлық инвес­тициялық платформа іске қо­сылды. Инфрақұрылымдық қолдау қамтамасыз етілді – инвес­торларға арнайы экономикалық, индустриялық және шағын өнер­кәсіптік аймақтардағы дайын өндірістік алаңдар ұсынылады. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жүктеу және жаңа қатысушыларды тарту үшін ұзақмерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдар мен ұйымдарға айтылған мәселелер мен ұсынымдарды пы­сықтауды тапсырды.