Ғалам ғажаптары • 17 Мамыр, 2025

Ағайындылар арасындағы бәсеке

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал «Adidas» пен «Puma» брендтерінің шығу тарихы – жай ғана бизнес оқиғасы емес, отбасылық араздықтан туындаған үлкен мәселе.

Ағайындылар арасындағы бәсеке

Ағайынды Адольф мен Рудольф бірігіп 1924 жылы «Dassler Brothers Shoe Factory» деп аталатын аяқ киім фабрикасын ашады. Ағалы-інілі болып ашқан бизнес алға басып, әлемге әйгілі бола бастайды. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отбасылық қайшылықтың кесірінен бауырлардың жолы екіге айырылады. 1948 жылы Рудольф өз жолын таңдап, алғашқыда «Ruda» деп атаған, кейін «Puma» деген атпен бренд құрады. Ал бір жылдан кейін Адольф «Adidas» компаниясын ресми түрде тіркейді. Қанша жылдар бойы жалғасқан араздық 2009 жылы аяқталады. Екі компанияның қызметкерлері футбол матчында кездесіп, қол алысып, бейбітшілік орнатқандарын жариялайды.

 

Фариза Ізбасарова,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті