
Бірінші естігенде сенбеуіңіз мүмкін, бірақ бұл жарыс Черногорияда, нақты Брежине ауылында 2011 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Бұл доданың толық атауы: – «Ең жалқау адам». Сайыстың басты талабы: ештеңе жасамау, тіпті тұруға, отыруға да болмайды, қатысушылар тек жатуға тиіс. Ең қызығы, кейбір жылдары 120 сағатқа дейін тапжылмай жатқан қатысушылар да болған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар жалқаулықты дәріптемейді, тек демалудың пайдасы бар екендігін көрсеткісі келеді.
Фариза Ізбасарова,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті