Саясат • Бүгін, 09:05

Сенімге құрылған саяси диалог

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонян бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Іс-шара барысында екіжақты ынтымақтастық пен парламентаралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сенімге құрылған саяси диалог

Палата төрағасы Сенатқа келген меймандарға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Армения арасында жоғары деңгейде сындарлы және сенімді диалог қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет басшылары белгілеп берген өзара іс-қи­мылдың қалыптасқан қарқы­нын әрі қарай сақтаудың маңызды екені айтылды.

«Армения – Қазақстанның сенімді және жақын серіктес­тері­нің бірі. Елдеріміз арасында өзара құрметке негізделген саяси диалог қалыптасты. Экономи­калық өзара іс-қимыл нығайып ке­леді. Мәдени-гуманитарлық бай­ланыс жолға қойылған. Осы ретте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың былтыр Ереванға жаса­ған алғашқы ресми сапары мен Армения Президенті Ваагн Гарникович Хачатурян­ның Аста­наға жасаған сапарын атап өткім келеді. Сапар кезінде бірқатар маңызды құжа­тқа қол қойылды. Олар­дың қа­тарында Қазақстан мен Ар­мения басшы­лығының Бірлескен мәлімдемесі және 2024–2025 жылдарға арналған сауда-эконо­микалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы да бар. Қабылданған құжаттар қазақ-армян достығы мен серіктестігі­нің мызғымастығын растай отырып, ынтымақтастықтың жаңа бағдарларын белгілеп берді», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат спи­кері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ален Симонянды қабылдаға­нына назар аударып, сол кезде өткен келіссөздер­дің маңызы­на тоқталды. Кездесу барысында екіжақ­ты ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық байланысты одан әрі нығайту қажет екені сөз болды.

«Біз Қазақстан мен Армения Парламенттері арасында қалыптасқан достық байланыстарды жоғары бағалаймыз. Қазіргі таңда біздің парламентаралық қарым-қатынасымыз жүйелі және жан-жақты сипатқа ие. Екі Парламентте де достық топтары құрылып, белсенді жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта да Қазақстан мен Армения депутаттарының өзара сапарлары жалғаса береді деп үміттенеміз. Депутаттарымыз ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы, Еуропа Кеңесі және Парламентаралық Одақ аясында көпжақты форматта тығыз байланыс орнатты. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай кеңейте түседі деп сенемін», деді Сенат спикері.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақ­тастық­тың әлеуетіне де тоқталды. Нақты айтқанда, көлік және логистика, энергетика, IT сияқты екі тарап та мүдделі салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты ұсыныстар айтылды.

Сенат төрағасы екі халық арасындағы мәдени-гумани­тарлық ынтымақтастықты нығайтудың да маңызды екенін тілге тиек етіп, рухани дипломатияны ілгерілету мәселелері­не мән берді. Бұл ретте биыл қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық барысы туралы кеңірек сөз болды.

Өз кезегінде Армения Ұлт­тық жиналысының төр­ағасы Ален Симонян Қазақ­стан­ның бейбітшілік пен ынты­мақтастықты нығайтуды көз­дейтін халықаралық бастамаларына жоғары баға берді және көпжоспарлы өзара байланысты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25