Еңбек • Бүгін, 09:55

Жауапкершілігі жоғары жүргізуші

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әрбір ұжымда адал еңбегімен, жұмысына деген құнттылығымен абырой, бедел жинап, айналасында­ғылардың құрметіне бөленген жандар болады. Сол тұрғыда, биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы Асқар Уәлиев сынды қарапайым еңбек адамдарын кеңінен насихаттау ләзім.

Жауапкершілігі жоғары жүргізуші

Денсаулық сақтау ми­нистр­лі­гіне қарасты Курортология және ме­ди­циналық оңалту ғылыми-зерттеу инсти­тутының филиалы – «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінің автобус жүргізушісі Асқар Уә­лиев 43 жылдық тәжі­ри­бесі бар еңбек майталманы. Сондай-ақ ол – үлкен ұжымның, қоғам­ның тұрақты, үйлесімді даму ырға­ғына үлес қосып жүр­­ген жан­дар­дың бірі.

Оның кәсіпорынмен байланысы танкші ретінде әскери борышын өтеп келгеннен кейін, бірден басталды. 1982 жылы «Бурабай» санаторийінің көлі­гін тізгіндеді. Қырық жылдан астам уақыттан бері осы кәсібі мен жұмыс орнынан мыз­ғымай еңбек етіп келеді. Ұжы­мымен біте қайнасқан өмірі – тұрақты­лықтың да кепілі.

Бүгінде Асқар қызметкер­лерді тасы­малдауға жауапты. Балалар­ды оңалту бөлімінен экскурсияға апарады, мұны шақырымдармен өлшенбей­тін жан жылуымен құлшына атқарады. Оның автобусы тек кө­лік құралы ғана емес, әркім өзін қауіпсіз сезінетін кішкен­тай қамқорлық аралы.

«Бұл – менің үйім. Таңертең  жұмысқа тойға баратындай болып жиналамын, асығамын. Әсіресе кішкентай балаларды алып жүргеніме қуаныштымын, олардың әрқашан жақсы көңіл күйде жүргенін қалаймын», дейді Асқар.

Қырық жылдан астам көлік жүр­гізіп келе жатса да, әлі де сергек, жігерлі, қайратты азаматтың көп жылғы адал еңбегі «Еңбек ар­дагері» атағымен бағаланды. Жал­пы, Курортология және медициналық оңалту (ҒЗИ) мекемесі тәжі­рибелі де тұрақты қыз­мет­кер­лерін лайықты баға­лап, құрмет көрсе­тіп отыруды дәстүрге айнал­дырған. Ұжым­да еңбек ардагер­леріне қам­қор­лық жасаумен қа­тар, жас мамандардың кәсіби өсуі­не де барлық жағдай қарас­ты­­­рыл­ған. Лауазымына қара­мас­­­­тан, институттағы әрбір қыз­­мет­кер ортақ істе маңызды рөл атқаратынына сенімді болған­дық­­тан, әркім өз міндетіне жауап­кер­шілікпен қарайды. Ғалым, дәрі­гер, мұғалім, техни­ка­лық қыз­мет­кер, жүргізуші болсын, барлы­ғы аза­мат­тардың денсаулығы үшін жұ­мыс істейтін біртұтас тірі азға іспетті.

Асқар Уәлиевтің тағылымды өмір жолы жай ғана жұмыс күн­де­­рінің, табыс табудың шежіресі емес, бұл – өз кәсібін шебер меңге­рудің, адамдарға деген шы­найы сүйіспеншіліктің жар­қын көрінісі. Мұндай адамдар қа­рапайым, адал еңбек пен адам­гершіліктің қалыпты құндылы­ғын дәлелдей отырып, жастарға да өнеге дарытады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25