Қоғам • 15 Мамыр, 2025

Ішкі саясат мәселелері талқыланды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістан облысына жұ­мыс сапары аясында ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді. Басқосуға аймақ әкімі Нұралхан Көшеров, аудан әкімдері және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Ішкі саясат мәселелері талқыланды

Жиында Мемлекет бас­шысының бастамалары мен тапсырмаларын тиімді орындауға, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам инс­титуттарымен өзара қарым-қатынасқа, ақпараттық және жас­тар саясатына, сондай-ақ басқа да түйткілдерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Е.Қарин мемлекеттік орган­дардың қызметін ұйымдас­тыру ісіндегі басты қағидат­тарға тоқталып, ішкі саясат саласында проактивті, яғни проблема­лар­дың алдын алу тәсілін қолдану қажеттігіне назар аударды.

Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе жауапты органдарға ішкі саясат саласын жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ Е.Қарин Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, онда жүргізіліп жатқан ғылы­ми зерттеу және реставрация жұмыстарымен танысты. Мем­лекеттік кеңесші еліміздің ғана емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген бірегей нысанды сақтап қалудың маңызын атап өтті.