
2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Бас прокуратурасы Түркия Әділет министрлігіне «Астана LRT» ЖШС-нің экс-басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды халықаралық іздеуге жариялануына байланысты экстрадициялау туралы сұрау жолдаған.
Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары іздестіру шараларын жүргізген.
«Биыл ҰҚК оның нақты орналасқан жерін анықтап, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Талғат Арданды Анталия қаласында ұстады. 9 мамырда Анталия соты Т. Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады, қазіргі уақытта ол қамауда отыр», делінген хабарламада.
Күдіктіні Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдер қазақстандық құзырлы органдар тарапынан басталды.