Спорт • Кеше

Алуа Нұрман — блиц шахматтан Азия чемпионы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен блиц шахматтан Азия чемпионатында 18 жастағы алматылық шахматшы Алуа Нұрман топ жарды.

Алуа Нұрман — блиц шахматтан Азия чемпионы

Швейцариялық жүйе бойынша өткен сары құрлық додасында Алуа жеті партияда жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түсті. Тек бір ойында ғана қарсыласына жол берді. Соңғы турда тағы бір отандасымыз Ксения Балабаеваны жеңгенін айта кеткен жөн. Осылайша, отандасымыз 7,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.

Басқа жерлестеріміздің нәтижесі:

  • Елназ Қалиахмет — 5-орын,
  • Ксения Балабаева — 7-орын,
  • Лия Құрманалиева — 10-орын.