
Фото: kaz.zakon.kz
Аталған 4 айда көлік саласында - 22,4%, саудада - 7%, ауыл шаруашылығында - 3,9% және байланыс саласында - 2,6% даму көрсеткіші тіркелген. Ал жалпы ішкі өнім өсімі 6%-ды құраған. Көлік саласындағы өсімге темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдаудың артуы негіз болған.
Саудада көтерме сауда көрсеткіші 7,4%-ға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ға дейін өскен. Өңірлер бойынша жіктесек, Түркістан облысы – жемістерді, көкөністерді, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%, Ақмола облысы – астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында - 44%, Шымкент – дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ға жоғары өсімді көрсеткен.
Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4% жеткен. Өсім тау-кен секторында – 7,1%, оның ішінде көмір өндіруді ұлғайту есебінен -11,2% өсім байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш - 7,2% құрайды, оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу - 12%, темекі өнімдерін - 26,3%, химиялық өнімдерді өндіру - 11,2% және машина жасау - 11,2% тіркелген.
Ауыл шаруашылығы оң динамиканы көрсетуде. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9%-ды құраған.