Қоғам • Кеше

Мақсаты айқын тәрбие бағдарламасы

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Адал азамат» атты жаңартылған тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде жиын өтті.

Мақсаты айқын тәрбие бағдарламасы

Басқосуда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева баяндама жасады.

Ерлан Қарин бағдарлама­ның негізгі міндеті өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру жұмысын жетілдіру, жүйе­леу екенін айтты. Атал­ған жұмыс барлық білім беру мекемелерін қамтуға тиіс.

Мемлекеттік кеңесші тәрбие үдерісінде кешенді тәсіл қолдану, яғни мемлекет, мектеп және ата-ана арасындағы тығыз ықпал­дастықты жолға қою қажет екенін ескертті.

Кездесу соңында тәрбие бағдарламасын мектептер мен колледждерге енгізу жұмысын жалғастыру туралы тапсырма берілді.