Тұлға • 07 Мамыр, 2025

Абай насихатшысы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық әртісі, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, профессор Шахи­мардан Әбілов 75 жасқа толды. Өнер иесі­нің мерейтойына орай Пав­лодар­да «Шахимардан Абай шы­ңында» атты жинақтың тұсауы кесі­ліп, С.Торайғыров университетіндегі мәдени іс-шаралар өтетін залға әнші­­нің есімі берілді.

Абай насихатшысы

Шахимардан Қайдарұлын отандастарымыз қайталанбас дауыс иесі ғана емес, ұлы Абай­дың насихаттаушысы ре­тінде де жақсы таниды. Абай шығармашылығын, оның ішінде Қара сөздері мен әндерінің философиясын халықаралық сах­наларда музыка арқылы терең­дете жеткізе білген бірден-бір опера әншісі. Ол тек опера әншісі ғана емес, таным көкжиегі кең, көркем ойлаудың шыңына шыққан бірегей өнер иесі, Абайша ойланып, Әуезовше толғана алған жан.

Жинақ – бір адамның өмір жолы ғана емес, тұтас бір дәуірдің мәдени тынысының айнасы. Кітапта тұлғаның шы­ғармашылығынан бөлек, әнші туралы жазылған мақа­лалар мен зерттеулер де топтастырылған.

– Кезінде ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов: «Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ. Қандай қауымды, қан­дай тапты алсақ та қаны мен жанының айнасын өнерге түсірмей тұра алмайды. Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шамы сөн­гені», деген екен. Сондықтан өнерден асқан ұлылық жоқ. Ал бұл еңбек халықтың арқасында келген дүние, – дейді мерейтой иесі.

 

ПАВЛОДАР 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше