
Госпиталь пациенттерінің орташа жасы шамамен 70 жасты құрайды.
Стационарда рентгенография, ФГДС, барлық түрдегі УДЗ, ЭКГ, СМАД және басқа да зерттеп-қарауларды қамтитын толық консультациялық-диагностикалық көмектің толық спектрі көрсетіледі.
Мекемеде асептикалық блоктары бар госпиталдық фармация бөлімі, өз зертханасы және диетолог дәрігердің бақылауымен емдік тағам әзірленетін асхана жұмыс істейді.
Жеңіс күні қарсаңында госпиталге Парламент Сенатының депутаттары келді. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пен госпиталдің директоры Динара Уразалина қатысты.
Депутаттар медициналық көмектің жағдайымен танысып, бөлімшелерді аралап, пациенттермен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесті.
Назар аударылған басты мәселелер — заңнамалық нормалардың жүзеге асырылуы, ресурстық қамтамасыз ету және ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау деңгейі.
Сенаторлар әскери-медициналық жүйені одан әрі нығайтудың, нормативтік базаны жетілдіру мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.