Құрылыс • Бүгін, 15:03

Үлескерлік құрылыс нарығына өзгеріс енгізіледі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үлескерлік құрылыс нарығында барлық тарапқа түсінікті, адал ережелер орнату, инвестицияланған ақшаны қорғау, пәтердің уақытында және уәде етілгендей салынуын қадағалау мақсатында маңызды өзгерістер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үлескерлік құрылыс нарығына өзгеріс енгізіледі

Елімізде Тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманы жетілдіру шеңберінде әзірленген жаңа заң жобасы үлескерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге, құрылыстың барлық кезеңінде жобалардың ашықтығын қамтамасыз етуге және құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды қатаңдатуға бағытталған. Заң жобасында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың негізгі аспектілерін қамтитын бірқатар жаңашылдық қарастырылды. Атап айтқанда, бұдан былай құрылыс салушылар үлескерлердің қаражатын рұқсат құжаттарының толық пакеті және қаржылық тұрақтылығы расталған жағдайда ғана тарта алады. Бұл құрылыстың жеткілікті негізсіз, кепілдіктерсіз салынуын болдырмайды. Үлестік құрылыстың барлық жобалары: іске асыру кезеңдері, жасалған шарттар саны, рұқсаттардың болуы туралы мәлімет жиналып, көрсетілетін ақпараттық жүйені енгізу жоспарланып отыр. Бұл азаматтар үшін деректердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, мемлекет пен жұртшылықтың бақылауына тиісті жағдай жасайды.

Сондай-ақ үлескерді қорғауға бағытталған ережелердің міндетті жиынтығы бар үлестік қатысу шарттарының үлгілік нысандары бекітіледі. Шартты біржақты тәртіппен қолдан жасауға немесе мәжбүрлеу тәуекелдеріне жол бермеу үшін оны нотариалды куәландыру мүмкіндігі қарастырылады. Құрылыс мерзімдерін бұзғаны, бұрыс ақпарат бергені немесе жобалық шешімдерді сақтамағаны үшін жауапкершіліктің неғұрлым қатаң шаралары көзделген. Бұдан басқа, бұзушылық анықталған жағдайда үлескерлердің жаңа қаражатын тартуға тыйым салуды қоса алғанда, құрылыс салушының қызметін тоқтата тұру үшін негіздер нақтыланды. Жобалық құжаттамаға және техникалық тапсырыс берушіге қойылатын талап та қатаң. Заң жобасында осындай мамандарды аттестаттау жүйесін енгізуге және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуге назар аударылған.

Жаңа тәсіл нарықтың басты мәселелерінің бірі – құрылыс салушыларға деген сенімнің төмендігін және пәтерге қаражат салатын азаматтардың тәуекелдерін шешу үшін маңызды.