
Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Осы ұсынымдардың негізінде Қаржы министрлігі соттан тыс банкроттық рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. Атап айтқанда, нақты қарыз сомасын растайтын құжаттар; әрбір несие берушінің атауы туралы мәліметтер; қарызды реттеу әрекеттерін дәлелдейтін түрлі анықтамалар мен мәліметтер тапсыру талап етілмейді.
Бұрын азаматтар қағаз түрінде мәліметтер жинауға көп уақыт жұмсайтын болса, енді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынымдары аясында тиісті ақпараттық жүйелер интеграцияланып, Мемлекеттік кірістер органдары негізгі мәліметтерді тікелей кредиттік бюро жүйесінен алады.
Нәтижесінде, бұл шара істерді қарау үдерісін бірнеше есе жеделдетіп, соттан тыс банкроттық рәсімін өмірлік қиын жағдайға тап болған әлеуметтік осал санаттағы азамаматтар үшін қолжетімді әрі тиімді көмек құралына айналдырды.