Сенат • 06 Мамыр, 2025

Күн тәртібі белгіленді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалы­ғымен бюро өтті. Онда депутаттар 8 мамырдағы Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

Күн тәртібі белгіленді

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, палатаның қарауына жаңа Салық кодексі келіп түсті. Осыған байланыс­ты Сенат төрағасы құжатты ашық тал­қылау және оны қарауға мәс­ли­хат депутаттарын, сарапшылар мен биз­нес-қоғамдастық өкілдерін бел­сенді жұмылдыру маңызды екенін айтты.

«Жаңа Салық кодексі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленді. Құжат әділеттілік, ашықтық және тиімділік қағидаттарына негізделген жаңа салық мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Сенаторлар кодексті дайындау жұмыстарын алдын ала жүргізіп, Үкіметке тиісті ұсыныстар жіберді. Енді жаңа Салық кодексінің нормаларын жан-жақты қарастырып, мәслихат депутаттарын, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін тарта отырып, ашық форматта сындарлы талқылаулар жүргізу қажет», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар бюро мүшелері алдағы бейсенбіде өтетін палата отырысында «2007 жылғы 26 маусым­дағы Қазақстан Республикасының Үкі­меті мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес­­тің АӨСШК Хатшылығы арасын­дағы Хатшылықтың ҚР аумағын­да болуы шарттары туралы келі­сімге өзгерістер енгізу туралы хат­та­маны рати­фикациялау туралы» заңды қарау жөнін­де қау­лы қабылдады. Бұл құжат Мемлекет басшысының АӨСШК-ні толыққан­ды халықаралық ұйымға айналдыру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатымен әзірленді.

Депутаттар Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Алматы қаласында АҚШ консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды да қарайды.

Бұған қоса «Түркітілдес мемле­кеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр стансасының жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар да палата отырысының күн тәртібіне шығарылды.

Сондай-ақ іс-шара барысында сенаторлар осы аптада өткізілетін комитет отырыстарында қозғалатын мәселелерді пысықтады және бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды бөлді. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше