
Кеше Паңның ұрпағы, белгілі кәсіпкер Марат Нәби отбасылық мұрасынан атасы Нұрмағамбет Сағынайұлынан қалған кісе белдікті Ұлттық музей қорына тапсырды.
Бұл кісені ертеде Сағынай би ұлы Нұрмағамбетке арнап жасатқан екен. 1976 жылы жазушы Әскен Нәбиев белдіктің күміс әшекейлерін сақтай отырып, былғары бөлігін жаңартып, қайта қалпына келтіріпті.
«Жәдігер ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына тән сәндік-қолданбалы өнер үлгісі болып табылатын бұл кісе белдік – қазақ ер-азаматының мәртебесі мен талғамын көрсететін маңызды бұйым» дейді Марат Әскенұлы.
Құнды мұраны қабылдап алған музей директоры Берік Әбдіғали мұндай асыл дүние еліміздің тарихы мен мәдениетін зерттеуге үлкен үлес қосатынын атап өтіп, белдік алдағы уақытта ғылыми айналымға енгізілетінін және арнайы тақырыптық экспозициялар арқылы көрсетілетінін жеткізді.