Аймақтар • Бүгін, 10:30

БҚО-да 15 бала өрт шыққан үйден құтқарылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Батыс Қазақстан облысының орталығындағы  бес қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.

БҚО-да 15 бала өрт шыққан үйден құтқарылды

фото. ТЖМ

Өрт Орал қаласындағы С.Тюленина көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйдің жертөлесінен бастау алып,  40 шаршы метр алаңды жалынға ораған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер сатының көмегімен 40 адамды, оның ішінде 15 баланы аман-есен далаға алып шыққан.

ТЖМ-ның хабарламасында өрттің толығымен өшірілгені,  тілсіз жаудан ешкім зардап шекпегені айтылды.